Кадастр

Жаңа білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы шегінде кадастрлық мүліктік сипаттамалар бойынша мәліметтерді жинау, басқару және ұйымдастыру саласында кадастрлық қызмет көрсету мамандарын дайындауға, жерді және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін, жерге орналастыру, геодезиялық және кадастрлық жұмыстарды мемлекеттік бақылауға, іздестіру және зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жерді тіркеу және есепке алуға, жер учаскелерін бөлуге және құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеуге, мониторинг жүргізуге, жердің барлық санаттарының жер және жылжымайтын объектілерімен опрациялар атқарады.

Дағдылар

• ұйымдастыру-басқару, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізу процестерін басқару және ұйымдастыру
• жерді пайдалану мен қорғауды, мониторингтік және басқа да іздестіру және зерттеу жұмыстарын мемлекеттік бақылау
• өндірістік – технологиялық, топографиялық түсірілімдерді ұйымдастыру және жүргізу, жоспарлы-картографиялық материалды түзету, жерді тіркеу және есепке алу
• жер учаскелерін бөлу және ресімдеу құқықты куәландыратын құжаттарды өткізу, мемлекеттік бақылау, жерді пайдалану мен қорғауды ауыл шаруашылығы мақсатындағы және елді мекендердің
• барлық санаттағы жер мониторингі, жер және жылжымайтын мүлікпен операциялар жүргізу
• есептік-жобалау-жер баланстары, жер-кадастрлық құжаттар мен карталар, Мелиорация және жерді жақсарту жобалары
• ArcGIS және MapInfo бағдарламаларын меңгеру.

Басты қызметтер

• инспектор,
• кадастрлық есеп бойынша маман,
• инженер-кадастршы,
• бағалаушы,
• сервейер,
• жылжымайтын мүлік жөніндегі агент,
• кадастрлық іс бойынша инженер