«Тұлғалық даму: Эмоционалды қарым қатынас,  психологиялық иммунитет және  стрестің  алдын алу»

2025 жылдың 5 желтоқсаны мен 19 желтоқсан аралығында Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Егенисова Алмажай Құлжанқызының «Тұлғалық даму: Эмоционалды қарым қатынас,  психологиялық иммунитет және  стрестің  алдын алу» атты курс өтті бастайды.

Курс мақсаты – өз эмоцияларыңызды тереңірек танып, түсінуді, сезімдеріңізді басқаруды және ішкі тұрақтылыққа жетуді үйрету. Қатысушылар күнделікті өмірде стрессті жеңілдетіп, психологиялық иммунитетін күшейтіп, өзімен және айналасымен үйлесімді қарым-қатынас орната алады.

Аталған курс тұлғаның өзін-өзі тануын дамытуға, эмоцияларды түсіну, сезімдерді тану және қабылдау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ күнделікті өмірде ішкі тепе-теңдікті сақтап, психоэмоционалды жағдаймен саналы түрде жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Бағдарлама эмоционалды қарым-қатынас мәдениетін дамыту, психологиялық иммунитетті нығайту және стресстік жағдайлардың алдын алу мәселелерін кешенді түрде қамтиды.

Курс барысында қатысушыларға практикалық тапсырмалар мен жаттығулар, топтық және жеке тренингтер ұйымдастырылды. Жаттығулар эмоцияларды тану, өзін-өзі бақылау және стресстік жағдайларды басқаруға бағытталған. Қолданылатын әдістерге гештальт-терапия элементтері, когнитивті-құрылымдық тәсілдер, психоэмоционалды релаксация техникасы, рефлексиялық және интерактивті тренингтер кіреді. Осы әдістер арқылы қатысушылар эмоцияларын түсінуді, оларды қабылдауды және саналы түрде басқаруды үйреніп, психологиялық тұрақтылық пен ішкі тепе-теңдікті сақтауға дағдыланды.

Курс мазмұны өзін-өзі тану, эмоционалды сауаттылық және психологиялық тұрақтылық компоненттерін біріктіре отырып, тұлғалық дамуды қолдауға негізделген.