2025 жылдың 3 желтоқсан күні Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқармасы мен Cыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында және 9 желтоқсан – «Халықаралық сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес күні» қарсаңында «Саналы ұрпақ – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында TEDx форматында спикерлердің қатысуымен кездесу өтті.
Жаңа форматта өткен шараға Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Сәкен Самет, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі Асылан Кужиев, Өңірлік полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Ақылбек Зиноллин, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Құралбек Гайбуллаев және студент жастар қатысты.
Кездесу барысында спикерлер қоғамдағы өзекті мәселелерді TEDx стилінде қысқа әрі мазмұнды баяндап, жастарға маңызды ойлар айтып, тәжірибелерімен бөлісті.
Жиында спикерлер 5 тақырып бойынша сөз сөйледі. Атап айтсақ,
– «Қазақстанда құқықтық мәдениетті арттыру үшін құқық пәні мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізілуі тиіс»;
– «Адал адам – ел болашағының стратегиялық капиталы»;
– «Қылмыстың алдын алу үшін бейнебақылау жүйесі барлық қоғамдық орындарға орнатылуы керек»;
– «Жастар арасында есірткімен күресте жазалау емес, тәрбиелеу өте маңызды»;
– «Цифрлық қауіпсіздік, интернеттегі алаяқтық» тақырыптарында баяндама жасалды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы мәселелер кеңінен талқыланды.