2025 жылдың 24 қарашасында Үздіксіз білім беру институтында педагогтарға арналған ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері мен әдістеріне бағытталған оқыту курсы өз жұмысын бастады.
Курстың мақсаты – педагогтердің зерттеу әдістерін білім беру процесіне енгізуіне қолдау көрсету және ғылыми-әдістемелік қызметтің сапасын арттыру.
Курс ашылуы барысында тыңдаушыларға педагогтердің зерттеу құзыреттерін дамыту маңыздылығы, академиялық зерттеулердің қазіргі тенденциялары, ғылыми жұмыстарды жобалау қағидаттары, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу және жариялау талаптары туралы кіріспе дәріс оқылды.
Курсты «Педагогика» факультетінің «Іргелі ғылымдар» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Абдыкеримова Э.А. жүргізеді.
Апта бойы тыңдаушылар келесі тақырыптар бойынша практикалық семинарлардан өтеді: зерттеу жобаларын әзірлеу, деректерді жинау және талдау әдістері, ғылыми жұмыста цифрлық құралдарды пайдалану.
Бұл оқу курсы зерттеу әдістерін білім беру тәжірибесінде қолдануға ерекше мән береді және педагогтердің біліктілігін арттыруға, олардың ғылыми әлеуетін қолдауға бағытталған.
Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар өздерінің шағын зерттеу жобаларын әзірлеп, деректерді талдаудың заманауи әдістемелерін меңгереді. Қорытынды аттестациядан кейін, желтоқсан айының басында, тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.
Педагогтердің зерттеу дағдыларын дамытуға және ғылыми жұмыстарды жүргізудің заманауи тәсілдерін меңгеруге бағытталған бұл оқыту Есенов университетінің ғылыми-әдістемелік қызмет сапасын арттыра түседі.