19 қараша күні Yessenov University Ақтаудағы Түркия Республикасының Бас консулдығының қолдауымен түрік тіліндегі құнды ғылыми, мәдени және тарихи әдебиеттерді қабылдап алды.
Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мен Түркияның ғылыми және технологиялық кеңесінен (TÜBİTAK) арнайы алынып, Ақтаудағы Түркия Республикасының Бас консулдығымен университет кітапханасына бірқатар түрік тіліндегі ғылыми, мәдени және тарихи әдебиеттер табысталды.
Аталған бастама Түркітілдес халықтардың ортақ тарихы мен мәдени байланыстарын дамытуға, сонымен қатар университетімізде түрік тілін оқытуға жағдай жасауға бағытталған. Табыс етілген басылымдар университет студенттері мен оқытушыларына Түркия тарихы, мәдениеті, ғылымы және техникасы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мұндай іс-шаралар қазақ-түрік академиялық байланыстарын одан әрі тереңдетеді.