2025 жылдың 10-қарашасынан Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру: әдістер, стратегиялар және озық тәжірибелер» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды.
Курс тренері «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Дифференциалды психология институты (IIDP) (Германия, Берлин) Құрметті профессоры, «ЖОО үздік оқытушысы-2015» мемлекеттік грантының иегері, білім беру және ғылыми-зерттеу институтының мүшесі (Бельгия, Брюссель) – Айджанова Замира Жанадиловна.
Курстың мақсаты – педагог мамандарға инклюзивті білім беру саласындағы негізгі ұғымдар, қағидалар, әдістер және халықаралық тәжірибелер туралы терең теориялық және практикалық білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс жүргізуде кәсіби құзыреттілігін дамыту және білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыруға үйрету.
Курс барысында тыңдаушылар заманауи оқыту әдістерін меңгеріп, халықаралық тәжірибелермен танысып, инклюзивті орта құру бойынша практикалық дағдыларды игеруде. Жеке оқу жоспарларын әзірлеу, сараланған бағалау мен тиімді қолдау стратегиялары кеңінен талқылануда. Қатысушылар белсенді, пікір алмасу жоғары деңгейде өтуде. Теориялық білім тәжірибемен ұштасып, әр сабақ нәтижелі өтіп жатыр. Курс аясында тыңдаушылар:
Қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, мазмұнды талқылауларға қатысуда. Курс тренері Айджанова Замира Жанадиловна тыңдаушылармен кәсіби тәжірибесін бөлісіп, жоғары деңгейде бағыт-бағдар беруде.
Курс соңында тыңдаушылар инклюзивті білім беру саласында кәсіби құзыреттіліктерін арттырып, өз тәжірибесіне тиімді енгізе алатын болады.