«Инклюзивті білім берудің мәні мен маңызы» тақырыбындағы курс

2025 жылдың 29-қыркүйегінен Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім берудің мәні мен маңызы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды. Курс тренері «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Аманқосова Аягөз Қошқарбайқызы.

Курстың мақсаты – оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, инклюзивті білім беру жүйесінде заманауи әдістерді қолдану дағдыларын жетілдіру.

Курс барысында инклюзивті білім берудің тарихы; инклюзия мектебінің ерекшеліктері; топтық және бірлескен жұмыстың маңызы қарастырылуда Теориялық біліммен қатар, тәжірибелік бағыт та қамтылған. Оқытушылар тәжірибе барысында: «Ортаға серуен» әдісі арқылы қолжетімділік пен кедергілерді зерттейді; «Шешім жоспарын құрастыру» тапсырмасын; «PIM» және басқа да тиімді әдістерді қолдануда.