Білім мен индустрия: жасанды интеллект және интеллектуалды экожүйелер

29 қыркүйек күні Yessenov University-де Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллект саласында мамандар даярлауға бағытталған «AI-Sana» инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Білім мен индустрия: жасанды интеллект және интеллектуалды экожүйелер» атты форум ұйымдастырылды.

Шара Yessenov University-дің Компьютерлік ғылымдар және Жасанды интеллект факультеті мен Mangystau Hub-тың серіктестігі аясында өтті.

Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, IT-компаниялар, индустриялық серіктестер, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты. Қатысушылар жасанды интеллект саласында мамандар даярлаудың жаңа тәсілдерін және университет пен индустрия арасындағы әріптестіктің тиімді үлгілерін талқылады.

Сонымен қатар, форум аясында Yessenov University-де Edu01 халықаралық білім беру платформасының мүмкіндіктері және Huawei ICT Academy зертханаларының алғашқы нәтижелері таныстырылды.