26 қыркүйек күні ҚР Үкіметінің «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» жоспары аясында және қоғам қайраткері, ғалым Жаздырхан Сейдалиевтің 90 жылдығына орай университетімізде «Ұлттық бірлік пен келісім: Жаздырхан Сейдалиев тағылымы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Конференция жұмысына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп, ҚР Ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Бердібай Шалабай, философия ғылымдарының докторы Гульмира Билялова, саясаттану ғылымдарының докторлары Т.А Дронзина (Болгария), В.А Жексембекова, сондай-ақ «Халық келісімі» ҚБ төрағасы Ю.А Шахшаев және өзге де беделді ғалымдар қатысты.
Шара барысында студенттер «Қоғамға қызмет» инновациялық оқу-әдістемелік орталығының 8 бағыты бойынша өз жобаларын таныстырды.
Сондай-ақ Ж.Сейдалиевтің өмірі мен еңбегіне арналған «Өмір жолы – өнеге» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.
Бұл күн — ғылым, тарих және жастардың жаңа идеялары түйіскен маңызды сәт болды.