Наурызбай қажымен кездесу

25 қыркүйек күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына сапары аясында Yessenov University-не келіп, студенттермен кездесті.

Басқосу барысында ол жастардың қоғамдағы рөлі, олардың әлеуметтік белсенділігі және ұлттық дәстүр мен діни құндылықтарды сақтау мәселелеріне тоқталды.

Кездесуде ол студенттерді дініміз бен дәстүрімізге жат қылықтардан аулақ болуға шақырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен оқу ордасының дамуына қосқан үлесі үшін арнайы медальмен марапатталды.