22–23 қыркүйек күндері Yessenov University қабырғасында «Каспий аймағы дәуірлер мен мәдениеттер тоғысында: орнықты даму парадигмасының сын-тегеуріндері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-білім беру форумы өтті.
Форум Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің Экономика институты мен Yessenov University бірлесіп, «Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» бағдарламасы және мегагранты – «Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін жасыл өсім контексінде орнықты дамыту» аясында ұйымдастырылды.
Форум спикерлері қатарында халықаралық және отандық сарапшылар болды:
• Стефан Пратт (АҚШ)
• Ясуо Охэ (Жапония)
• Наталия Эше (Германия)
• Тунч Медени (Түркия)
• Юй Тунсинь (Қытай)
• Ханс Хольцхакер (Австрия)
• Дениза Алиева (Өзбекстан)
• Фатима Герфанова (Қазақстан)
Форум аясында орнықты даму, ғылыми гранттарды әзірлеу және әлеуметтік зерттеулер әдістемесіне арналған шетелдік сарапшылардың шеберлік сыныптары өткізілді.
Бағдарламаның жалғасы ретінде «Caspian Nomad» экспедициясы жоспарланып отыр. Ол далалық зерттеулерді, Маңғыстау өңірінің туристік әлеуетімен танысуды және орнықты туризмді дамыту бойынша бірлескен бастамаларды қамтиды.