Тәрбиенің темірқазығы — кісілік пен кішіпейілділік

5 қыркүйек күні Yessenov University-де «Тәрбиенің темірқазығы — кісілік пен кішіпейілділік» атты педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Райхан Өмірзаққызы Озғамбаеваның 60 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді Yessenov University президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы құттықтау сөзімен ашып, мерейтой иесін құттықтады. Шараны зерттеу және даму жөніндегі вице-президент Сейдалиев Асқар Әбиұлы жүргізді. Жиын барысында Р.О. Озғамбаева туралы «Ұстаздық жол — парасат пен тәрбиенің алтын арқауы» атты өмірбаяндық бейнеролик көрсетілді.

Кешті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Ж. Өрісбаев, облыстық мәслихат төрағасы Ж.Ж. Матаев құттықтау сөзбен жалғастырды. Сонымен қатар, «Тарих» кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы, профессор К.Ж. Жаулин, Маңғыстау жергілікті бастама орталығы қоғамдық қорының директоры, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төраға орынбасары Ж.Ш. Маханбетова, ал «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Н.С. Қамарова мазмұнды баяндама жасады.

Кеште мерейтой иесі туралы ықыласты сөздер мен жылы пікірлер айтылып, шара концерттік бағдарламаға ұласты.