Ата Заң – тәуелсіздіктің тірегі

29 тамыз күні Yessenov University-де Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздіктің тірегі» атты мерекелік жиын ұйымдастырылды.

Іс-шараға Yessenov University президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы, Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2 Жедел басқармасының басшысы Белгибаев Ардак Жумашевич, Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Утаргалиев Бауржан Булатович, Маңғыстау облысының прокурорының аға көмекшісі, аппарат басшысының м.а. Карымсаков Оспан Абдимуханович және университет қызметкерлері қатысты.

Yessenov University президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтап, өз ісіне адалдығы мен университеттің дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар қызметкерлерді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Құрмет дипломы және Алғысымен марапаттады.

Мерекелік шара «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Дүйжанов Нұрдәулеттің орындауындағы «Қазақстан» әнімен түйінделді.