Жасанды интеллект құралдары арқылы цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру

2025 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында «Жасанды интеллект құралдары арқылы цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында курс табысты аяқталды. Курсқа шамамен 60 оқытушы мен магистрант қатысып, білім беру саласындағы озық технологияларды меңгеру және оқу процесінде оларды қолдану мақсатында білім алды.

«Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Э.А. Абдыкеримова тыңдаушыларды жасанды интеллектінің негіздерімен, оны білім беру ортасында қолдану әдістерімен және цифрлық білім беру өнімдерін әзірлеуге арналған негізгі құралдармен таныстырды.

Курс бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтарды, жеке жобаларды әзірлеуді және жасанды интеллект саласындағы қазіргі трендтерді талдауды қамтыды.

Курс соңында тыңдаушылар бағдарламаны сәтті меңгергені туралы сертификаттармен марапатталды.