«Теңіз техникасы және технологиялары» Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы

15 мамыр күні Yessenov University-де жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттары бойынша «Теңіз техникасы және технологиялары» Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға еліміздің жетекші кеме жасау, кеме қызмет көрсету компаниялары мен порттарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында бірлестіктің кәсіби стандарттарды әзірлеу, ғылым мен жоғары білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және сараптау, сондай-ақ салалық біліктілік шеңбері аясында білім беру бағдарламаларын дайындау, жетілдіру және талдау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге қосқан үлесі қорытындыланды.

Сонымен қатар, теңіз саласы бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, халықаралық жобалар мен қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу процесіне ендіру мәселелері талқыланды. Отырыста сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз операцияларының экологиялық тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған «Энергия үнемдейтін интеграцияланған технологияларды әзірлеу» тақырыбындағы мегажобаға қатысу жайы кеңінен қарастырылды.