Мұнайгаз өндіру техникасы мен технологиясын жетілдіру. Теңіз инжиниринг. Теңізге мұнай төгілу апаттарының алдын алу

2025 жылғы 21 сәуір мен 2 мамыр аралығында «Инжиниринг» факультетінің «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Мұнай мен газ өндіру техникасы мен технологияларын жетілдіру. Теңіз инжинирингі. Теңіздегі төтенше мұнай төгілуінің алдын алу» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті. Мұнай-газ кен орындарын барлаудың заманауи әдістері жөнінде «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Айгүл Ғайноллақызы Гусманова дәріс оқыды.

Курс барысында келесі негізгі тақырыптар қамтылды: автоматтандырылған басқару жүйелері; SCADA жүйелері; қашықтықтан мониторинг жүргізу; алдын ала техникалық қызмет көрсету; капиталдық шығындарды азайтудың инновациялық тәсілдері; мұнай мен газ өндіру саласында жасанды интеллектіні қолдану; балама энергия көздерін интеграциялау.

Курс нәтижелі өтті. Тыңдаушылар мұнайдың төгілуін алдын алу, теңіздегі апаттарды жою, халықаралық теңіз қауіпсіздігі стандарттарын сақтау, теңіз нысандарын жобалауда 3D модельдеу технологияларын қолдану, сондай-ақ теңіз құрылыстарын мониторингтеу мен диагностикалау бойынша құнды білім мен практикалық дағдылар алды. Алынған білім мен тәжірибе жұмыс тиімділігін арттырып, теңіз нысандарындағы қауіпсіздік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Курс соңында барлық тыңдаушыға белгіленген үлгідегі сертификат табысталды.