8 мамыр күні Yessenov University Технопаркі базасында Маңғыстау облысының аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен колледж директорлары қатысқан кеңейтілген кездесу өтті.
Қатысушылар Robotics Lab, Electronics Lab, 3D Construction Lab, Laser Cutting Lab сынды FabLab-тың негізгі зертханаларымен танысып, студенттер мен оқушылар үшін қолжетімді инженерлік инфрақұрылымды өз көздерімен көрді. Сонымен қатар, бағдарламалау дағдыларын peer-to-peer әдісі арқылы меңгеруге мүмкіндік беретін 01Edu Space цифрлық оқыту орталығы ұсынылды.
Университет тарапынан информатика және технология пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары ұсынылды. Курстар робототехника, ІТ негіздері және цифрлық кәсіпкерлік бағыттарына негізделген. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына арналған инженерлік-робототехникалық курстар таныстырылды. Бұл курстар 3D модельдеу, прототип жасау, робот жинау және стартап жобаны қорғау кезеңдерін қамтиды.
Кездесу барысында жазғы инженерлік лагерьлер, бірлескен үйірмелер ашу, оқушылардың жобаларға қатысуы және ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Университет өңірдегі мектептер мен колледждер үшін FabLab үлгісіндегі білім беру орталықтарының дамуына қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.