Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасарымен кездесу

24 сәуір күні Yessenov University-де Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары Жандос Бибосынұлы Бердіқұловпен студенттердің кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — болашақ заңгерлер мен өзге де мамандық иелеріне құқық қорғау саласының қызметі, заң үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы прокуратура органдарының рөлі туралы кеңінен түсінік беру.

Кездесу барысында Жандос Бибосынұлы прокуратура қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, студенттерге нақты мысалдар арқылы заңның қоғам өміріндегі маңызын түсіндірді.
Сонымен қатар, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кәсіби кеңестермен бөлісті.

Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығынарттыруға және құқық қорғау саласына дегенқызығушылығын оятуға үлкен серпін берді.