18 сәуір күні Ғылым күні аясында Yessenov University-де дәстүрлі «YESSENOV SCIENCE WEEK – 2025» апталығының жабылу рәсімі өтті. Апталық ғылыми жобалар көрмесімен ашылып, «Үздік жас ғалым», «Үздік ғылыми қызметкер» байқауларымен, республикалық пәндік олимпиадалармен, бірқатар халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялармен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша жоғары оқу орындары, колледждер мен мектеп оқушылары арасында «TechScienceHackathon» хакатоны, 14–17 жас аралығындағы оқушыларға арналған «Ғылым. Тәжірибе. Нәтиже» атты ғылыми жобалар байқауы, «Инновациялық идеялар өнімі» атты University Startup Marathon және «Science Ring» ғылыми-интеллектуалды сайысы өткізілді. Апталық аясында түрлі ғылыми семинарлар да ұйымдастырылды.
Апталық соңында ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқан университет қызметкерлері марапатталып, алғыс хаттармен марапатталды.