«Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадасы

Yessenov University-де «Инжиниринг» факультеті, «Экология және геология» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының ЖОО студенттері арасында «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы аясында «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Білім додасына еліміздегі 12 жоғары оқу орнынан білім алушылар қатысып, I турда «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша тестілеуден өтті. II турда мамандандырылған тренажерде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті және «Өрттің алдын алу және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында әлеуметтік ролик әзірледі.

Ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің биік шыңдарын бағындыруға жасаған қадамдардың бірі – республикалық пән олимпиадасы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды:
1 орын: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті;
2 орын: Торайғыров университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;
3 орын: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті.