«Science Ring» интеллектуалды сайысы

16 сәуір күні Yessenov University-де 11-18 сәуір аралығындағы «YESSENOV SCIENCE WEEK 2025» ғылым апталығының аясында «Science Ring» интеллектуалды сайыс өткізілді.

Интеллектуалды сайысқа қатысуға университеттің барлық білім беру бағдарламаларының білім алушылары шақырылып, 5 команда қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен командалар арнайы орындармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар белсенді қатысқан студенттерге алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

Бұл іс-шара студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың зияткерлік дамуына серпін берді.