11 сәуір күні Yessenov University «Білім беру» факультетінің «Тарих» кафедрасы белгілі қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы және саясаттанушы, саяси ғылымдар докторы, профессор, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Киікбай Мыңбайұлы Жаулиннің 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның саяси жаңғыруы және әлеуметтік дамуы: тарихи өткені мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияға отандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ЖОО оқытушылары мен докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Конференция жұмысы келесі бағыттарды қамтыды: Қазақстанның ХХ ғасырдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы: өзектілігі және тарихи зерттелуі; Қазақстанның Батыс өңірінің тарихи зерттелуі және саяси аспектілері.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Yessenov University Президент-ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлының алғы сөзі, Облыстық мәслихат төрағасы Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлының құттықтау сөзінен басталды.
Конференция соңында Yessenov University «Тарих» кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Жаулин Киікбай Мыңбайұлы қорытынды сөзімен аяқтады.