Чанаккале шейіттері мен Мехмет Акиф Эрсойды еске алу іс-шарасы

18 наурыз күні Yessenov University Түрік тілі сыныбында Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдықтың ұйымдастыруымен Чанаккале шейіттері мен көрнекті ақын Мехмет Акиф Эрсойды еске алу іс-шарасы өтті.

Бұл шараға бас консул Сабри Альптекин, вице-консул Йылдырым Бекюр және консулдықтың басқада қызметкерлері, сонымен қатар Есенов университетінің ғалымдары және студенттері қатысты.

Іс-шара барысында ақынның жүрек тебірентерлік өлеңдері оқылып, тарихи оқиғаларды баяндайтын шағын деректі фильм көрсетілді.

Бұл күн — батырлық пен рухтың биік көрінісі, өткенді ұмытпай, болашаққа бағдар жасайтын маңызды сәт.