14 наурыз күні Yessenov University қабырғасында қазақтың дәстүрлі мерекесі —«Амал» ерекше сән-салтанатымен тойланды. Университет аумағында киіз үй тігіліп, студенттер мен оқытушыларды наурыз көже, бауырсақ, қымыз сынды ұлттық тағамдармен қарсы алды.
Шара барысында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды. Қатысушылар садақ ату, қол күрес, асық ату секілді ұлттық ойындарға қатысып, өз бақтарын сынады.
«Амал» — бұл бірлік пен татулықтың, ата-баба дәстүрлеріне құрметтің символы. Осындай шаралар арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жастарға аманат ету — басты мақсатымыз.
Ұлыстың ұлы күніне баршаңызға амандық, молшылық пен жақсылық тілейміз!