2025 жылдың 17 ақпанында Үздіксіз білім беру институты «General English. B1 деңгейі» тақырыбында ағылшын тілі курсын ұйымдастырды. Курстың ұзақтығы 3 айға есептелген. Курсты тыңдауға оқытушылар мен студенттер ниет білдірді. «Туризм және тілдер» факультеті «Әлем тілдері» кафедрасының профессор-ассистенті, филология ғылымдары магистрі Феруза Козибаевна Дальмуханова қызықты да танымды сабақтар өткізеді.
Оқу бағдарламасы тыңдаушыларға кәсіби құзыреттіліктерін айтарлықтай арттыруға, теориялық білімдерін кеңейтуге және ағылшын тілін меңгеру саласындағы практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ білім беру саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Курстың мақсаты — тыңдаушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын инновациялық әдістер арқылы дамыту және әртүрлі контекстілер негізінде коммуникативтік дағдыларын жетілдіру.
Курсты аяқтаған соң, әрбір тыңдаушыға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.