«Ayala» қыздар клубы

«Ayala» клубының басты мақсаты – қыздардың жеке тұлғалық, зияткерлік, және шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау, сонымен қатар олардың әлеуметтік және кәсіби дағдыларын нығайтуға ықпал ету.

Клубта әртүрлі салалар бойынша мастер-класстар, тренингтер және воркшоптар өткізіліп, қыздар көшбасшылық, креативті ойлау, қаржылық сауаттылық, кәсіби бағдарлау, кәсіпкерлік негіздері, және өзін-өзі дамытуға бағытталған біліммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, “Ayala” қыздар клубы – қыздарға өз идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсететін орта, әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кеңістік болып табылады.

  • 8(7292) 788-788 (268)
  • Ақтау қаласы, 32 ш/а., Yessenov University, 3 қабат, A301 кабинет