YU делегациясы Әзербайжан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында

Yessenov University халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Осы мақсатта университеттің академиялық жұмыс жөніндегі вице-президенті Қайырбек Мақұлов бастаған делегация Әзербайжан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында іс-сапарда болып қайтты.

3 наурыз күні делегация Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде болып, ректор Руфат Азизовпен кездесті. Тараптар мұнай-газ инжинирингі, энергетика саласындағы әріптестікті дамыту, сонымен қатар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, оқытушылар мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы мен тағылымдамаларын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, делегация Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университетінде болып, экономика, басқару және цифрлық технологиялар саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады. Бүгінде осы бағытта студенттер мен оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық және магистранттарға арналған ғылыми тағылымдамалар сәтті жүзеге асуда.

Сапардың қорытындысы ретінде Бакин мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Эльчин Сафарлимен кездесу өтті. Тараптар білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы бірлескен жобаларды талқылап, «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша қосдипломдық бағдарламаны жүзеге асыруға уағдаласты. Бұл бағдарлама студенттерге екі университеттің дипломын қатар алуға мүмкіндік береді.