19 ақпан күні Yessenov University-де «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасы мен «Транстелеком» АҚ-ның «Ақтаутранстелеком» филиалы арасында “Computer Engineering” білім беру бағдарламасы бойынша дуалды оқыту жүйесін енгізу жөнінде екіжақты келісімшартқа қол қойылды.
Келісімшарттың басты мақсаты — студенттердің университет қабырғасында алған теориялық білімдерін нақты өндірістік тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандар даярлау.
Дуалды білім беру — студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып, оларды IT-саласының заманауи талаптарына бейімдеу жолындағы маңызды қадам.