5 ақпан күні Yessenov University-де Қазақстандағы Түркия Республикасының Бас консулымен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты — жастардың түркі әлеміне деген қызығушылығын арттырып, түрік тілін меңгеруге деген ынтасын қолдау.
Іс-шара аясында түрік тілі сыныбының кітапханасын байыту мақсатында 100-ден астам әртүрлі жанрдағы кітап сыйға тартылды. Бұл бастама студенттердің түрік тіліндегі білімін жетілдіруге және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, кездесуде Түркиядан мамандар тарту мәселесі қарастырылып, екіжақты білім беру және мәдени серіктестікті дамыту жөнінде пікір алмасылды.