«Қысқы мектеп-2025»

Yessenov University жыл сайын білім беру жобасы аясында оқытушыларды, ғалымдарды және қызметкерлерді жинайды. Бұл жобада семинарларға қатысушылар өз білімдерін тереңдетіп, заманауи зерттеу әдістерін меңгеріп, кәсіби байланыстарын нығайтады. 2025 жылдың 13-23 қаңтары аралығында оқытушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Қысқы мектеп-2025» бағдарламасының семинарлары өтті. Бағдарлама аясында келесі маңызды бағыттарға ерекше назар аударылды:«Тәрбие жұмысы мен тәлімгерлік дағдыларын дамыту» (тақырыптары: «Z буыны және оқытушының тұлғасы, Z буынын тәрбиелеудегі ұстаздың рөлі», «Студенттік жатақханадағы тәлім-тәрбие», «Жоғары оқу орнындағы тәрбие бағыты»); «IT-технологиялар» (тақырыптары: «Coursera халықаралық платформасына арналған ЖАОК әзірлеу және енгізу», «Platonus жүйесін қолдану»); «Ғылыми әлеуетті дамыту» (тақырыбы: «Ғылыми зерттеулерді оқу процесіне интеграциялау: стратегиялар мен үздік тәжірибелер»); «Оқу-әдістемелік басқару» (тақырыптары: «Фин жобасының білім беру бағдарламалары бойынша силлабустар әзірлеу» (педагогикалық бағыттағы оқытушылар үшін), «Инновациялық оқыту әдістері» (педагогикалық емес бағыттағы оқытушылар үшін), «Ақпараттық жүйелермен жұмыс жасау тәртібі» (оқытушылар мен эдвайзерлерге арналған), «Оқу үрдісінде IT-технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану»).

Бағдарлама бірнеше аптаға созылады және әр бағыт үшін жеке курстардың тақырыптары әзірленеді. Бұл курстар қатысушыларға әріптестерімен тәжірибе алмасуға және ғылыми қауымдастықта байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

«Қысқы мектеп-2025» ғылымды дамытуға, жастар тәрбиесіне, оқу процесін жетілдіруге және университет қызметкерлерінің кәсіби өсуіне ықпал ететін бірегей білім беру жобасы деп толықтай айтуға болады.