Yessenov Forum аясында Ғылыми кеңестің отырысы

2 желтоқсан күні Yessenov University-де «Yessenov Forum: Тұрақтылық мағыналар» форумының аясында Маңғыстау облыстық әкімдігі жанындағы Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиынға ҚР ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбек, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, жергілікті атқарушы биліктің, ғылыми қоғамдастықтың, бизнестің, шетелдік және азаматтық қоғамның өкілдері, ЖОО ректорлары, кәсіпорын басшылары қатысты.

Жиында білім беру, логистика, суды тұщыландыру, Каспий теңізінің экологиясы, теңіз саласы, сутегі энергетикасы және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Отырыста ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізу қажеттігін және ғылыми қоғамдастық пен бизнес арасындағы байланысты нығайтуды тапсырғанын атап өтіп, Маңғыстау облысы бұл міндеттерді жүзеге асыру арқылы жаңа технологияларды дамыту орталығына айналуға әлеуеті зор екенін жеткізді.