Рига техникалық университетінің профессорының сапары

2024 жылғы 18-21 қараша аралығында “Резеңке-техникалық қалдықтармен битумды модификациялау” гранттық қаржыландыру жобасы бойынша Есенов Университетіне ғылыми-зерттеу тәжірибесімен алмасу үшін жоба мүшесі, Рига техникалық университетінің профессоры Харитов Виктор келді. Битумды модификациялау бойынша зерттеу нәтижелерін талқылау; “CASPI BITUM “БК” ЖШС және “Қазұпимұнайгаз” “ҚМГ Инжиниринг”ЖШС ұйымдарында жоба мүшелерімен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, сапар аясында профессор Харитов Виктор “Химия”, “Органикалық заттардың химиялық технологиясы” және “Industrial Engineering” білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары үшін қонақ дәрістер оқыды; зерттеулер және даму жөніндегі вице-президент Асқар Әбиұлы Сейдалиевпен және халықаралық кеңсе басшысы Айгүл Досымбековамен кездесулер өткізді, онда Есенов университеті мен Рига техникалық университеті арасындағы ғылыми және халықаралық ынтымақтастың алдағы жоспарлар талқыланды.