Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысымен меморандум

5 қараша күні Yessenov University Президенті Берік Ахметов пен Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Ержан Ерсаинов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты — жоғарғы білікті заң кадрларын даярлау, кадрлық резерв құру, тәжірибе алмасу, оның ішінде қонақ дәрістерін, дуальды оқытуды, семинарларды, тренингтерді және өзара іс-қимылдың басқа да нысандарын ұйымдастыру арқылы бірлескен іс-шараларға бағытталған білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Меморандум аясында студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыруға және түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жүргізуге қос тарап сенім білдірді.