«Баланың бақытты мекені — Отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел

21 қараша күні Yessenov University-де «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және ҚХА» кафедрасының «Қоғамға қызмет» пәні бойынша серіктес мекеме «Ана үйі» ҚҚ және Ұлттық бала асырап алу агенттігімен бірлесе отырып «Баланың бақытты мекені — Отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Білім беру» факультеті деканы м.а А.И.Мамбетова сөз сөйлеп, іс-шараның негізгі мақсаты туралы айтты. Дөңгелек үстелге білім басқармасы, денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыспен қамту басқармалары, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар отбасы мәселелерін жан-жақты қарастырды. Кәсіби қабылдаушы ата-аналардың жоғарғы білімі қызу талқыланып, сондай-ақ «Әлеуметтік қызметкер» мамандары туралы да сөз қозғалды. Болашақта әлеуметтік қызметкер мамандығының қажеттілігі мен қоғамдағы рөлі туралы ұсыныстар айтылды.

Іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік органдарға Кәсіби қабылдаушы отбасы институтының маңыздылығы мен мәні егжей-тегжейлі баяндалды.