20 қараша күні Yessenov University-де «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өңірінің мемлекеттік ұйымдары, құқық қорғау органдары, кәсіпорындар басшыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Факультет деканы Абилшеева Рысгүл Қойшығұлқызы білім беру бағдарламалары бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, қазіргі заман талабына сай тренд мамандықтарды анықтап, өзгерістер енгізу қажеттілігін айтып өтті.
Білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың тиімділігін арттыру, сапасын бақылау, пәндерді жетілдіру, қосымша дағдыларды меңгеру бойынша микроквалификация алу мәселелері қызу талқыланды, жұмыс берушілермен өзара әрекеттесудің негізгі формаларын жетілдіру бағыттары қарастырылды.