«Күнбатысқа қарай 2128 шақырым» кітабының тұсаукесері

4 қараша күні Yessenov University-де ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Асылан Қуанышұлының жақында жарық көрген «Күнбатысқа қарай 2128 шақырым» атты тұңғыш кітабының тұсаукесері өтті.
 
Маңғыстаудан шыққан қаламгер бүгінде батыл ойларымен, жаңаша ізденістерімен талғампаз оқырмандарын таңдандырып жүр. Зиялы қауым интеллектуалды поэзияның қазіргі ең жас өкілі Асылан Қуанышұлының шығармаларын жоғары бағалады.

Ақынның өлеңдері республикалық газет-журналдарда, сайттарда жиі жарияланып тұрады. Ол еңбек жолын «Қазақ әдебиеті» газетінде журналист болып бастаған. Қазір әдеби баспаның редакторы.
 
Тұсаукесерде ақын-жазушылар Әнуарбек Бимағамбет, Ерекен Қорабаев, Ислам Қосжан, Асылбек Жаңбырбай сөз сөйледі. Университетіміздің профессорлары Ақмарал Отарова, Нағбду Қамарова баяндама оқыды. Өнерпаздар Есенбай Құли мен Айгүл Құбаш әсем әндерін әуелетті.
 
Кітап авторы өз өлеңдерін оқып, замандастары студенттердің түрлі сұрақтарына жауап берді.