Білім берудегі цифрлық технологиялар және жасанды интеллект

2024 жылғы 21 қазанда Үздіксіз білім беру институтының жұмысы аясында «Білім берудегі цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» тақырыбында ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру курсы басталды. Оқытуға 50-ден астам тыңдаушы қатысты. «Ғылым және технологиялар» факультетінің «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, (қауымдастырылған профессор) доцент Абдыкеримова Эльмира Алтынбековна білім беру жүйесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін тиімді қолдану туралы білімдерімен бөлісті.

Курс оқыту сапасын арттыру үшін цифрлық платформаларды пайдалануды, ЖИ арқылы цифрлық құралдар мен оқыту әдістерін тиімді ұйымдастыруды қарастырады. Жасанды интеллект (AI) сабақтары қарқынды дамып келе жатқан осы саланы терең түсінуге көмектеседі. Жоғары білікті тренер Эльмира Алтынбековна әзірлеген курс бағдарламасы жасанды интеллект ұстанымдарын терең түсінуге мүмкіндік беретін теория мен тәжірибені біріктіреді.

Оқытушылар озық AI технологияларын өз жобаларында қолдануды үйренеді және дағдыларды меңгереді. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға Үздіксіз білім беру институтының сертификаттары беріледі.