Жоғары білім қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

1 қазан күні елімізде жоғары білім қызметкерлерінің кәсіби мерекесі алғаш рет аталып өтуде.

Осыған орай, Yessenov University-де мерекелік жиын ұйымдастырылып, бір топ ғылыми қызметкер «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Тағы бірнеше маманға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің құрмет грамотасы, университет басшысының алғыс хаты мен Есенов университетінің медалі табысталды.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға жалғасты.