Huawei ICT 2024-2025 Roadshow

20 қыркүйек күні Yessenov University «Ғылым және технологиялар» факультетінде «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Huawei ICT 2024-2025 Roadshow» шарасы өткізілді.

Шара барысында Алматы қаласынан Huawei компаниясының өкілдері, таланттардың экожүйесін дамыту жөніндегі менеджерлері Жазира Қамашбек пен Советхалықова Сымбат университет студенттерімен кездесіп, квесттер ұйымдастырып, сыйлықтар табыстады.