Мэдисон Уотс және Асият Сулейменовамен кездесу

6 қыркүйек күні Fulbright бағдарламасының English Language Teaching Assistant (ELTA) стипендиаты Мэдисон Уотс пен АҚШ елшілігінің Академиялық алмасу бағдарламаларының үйлестірушісі Сулейменова Асияттың Yessenov University профессор-оқытушылар құрамымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Fulbright бағдарламасының мәні мен оның қатысушыларына ұсынатын мүмкіндіктері талқыланды.

Fulbright бағдарламасы білім және мәдени алмасуға бағытталған танымал халықаралық бағдарлама болып табылады. Ол студенттер мен зерттеушілерге өз салаларында жаңа білім алу, басқа мәдениетпен танысу және өзара түсіністік қалыптастыру мақсатында шетелде білім алу немесе жұмыс жасау мүмкіндігін береді.

Кездесуде Yessenov University оқытушылары мен ғалымдарына Fulbright бағдарламасына қатысу, өтініш беру талаптары мен оның артықшылықтары туралы толық ақпарат ұсынылды.