Экспедиция кезеңінде Орта Каспий жағалауындағы су айдынына кешенді зерттеулер жүргізілді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде қайраңдағы теңіз суларының гидрологиялық және гидрохимиялық параметрлерінің кеңістіктік таралуы туралы жаңа мәліметтер алынды. Гидрологиялық өлшеулер 17 станцияда жүргізілді және SBE SeaCat 19plus зондының көмегімен тік температура профильдерін, су бетінен түбіне дейінгі электр өткізгіштік өлшелінді. Желдің бағыты мен жылдамдығын, атмосфералық қысым мен температураны жұмыс тобы өлшей отырып, гидрохимиялық талдаулар жүргізу үшін су бетіндегі 14 нүктеден сынамалар алды. Сынамаларды талдаудан өткізіп, мәліметтерді салыстыра отырып өз қорытындыларын жасады.