11 қазан күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шамурайт Шаменовтің Yessenov University оқытушылары мен студенттерімен кездесуі өтті.
Шараға департамент қызметкерлері, университет профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.
Кездесу барысында департамент басшысы Ш.А. Шаменов алғы сөз сөйледі. Президент Берік Ахметов университет материалды-техникалық базасымен, университеттің стратегиялық даму жоспарларымен таныстырды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Б.М. Хайруллин, университет комплаенс қызметінің басшысы Г.У. Джолдасбаева баяндама оқыды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.