SVEVIND Energy GmbH және HYRASIA ENERGY компанияларының өкілдерімен кездесу

Бүгін Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының студенттері SVEVIND Energy GmbH компаниясының Қазақстандағы аймақтық өкілі әрі HYRASIA ENERGY компаниясының директоры Айнұр Тумышевамен, осы компанияның өкілі Николай Путилинмен кездесу өткізді.

Қонақтарымыз студенттерге әлемдегі және еліміздегі жаңартылатын энергия түрі – жасыл сутегін өндіруге және тасымалдауға қатысты жұмыстар туралы баяндады. SVEVIND компаниясының Еуропадағы қызметі мен Қазақстандағы инвестициялық жобалары жөнінде ақпарат берді.