«АСА ТРАНС СЕРВИС» ЖШС өндірістік базасында өткен «Техносфералық қауіпсіздікті басқару» тақырыбында ПОҚ біліктілігін арттыру курсы

Үздіксіз білім беру институты 2023 жылғы 24-30 мамыр аралығында «АСА ТРАНС СЕРВИС» ЖШС өндірістік базасында Есенов университетінің «Инжиниринг» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы үшін «Техносфералық қауіпсіздікті басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Курсты «АСА ТРАНС СЕРВИС» ЖШС бас менеджері А.А. Асылгерей өткізді.
 
Онлайн форматта ұйымдастырылған тренингке 17 тыңдаушы қатысты. Жоғары білікті жаттықтырушы онлайн аудиторияны «АСА ТРАНС СЕРВИС» ЖШС кәсіпорнындағы өндірістік стратегиямен және техносфералық қауіпсіздікті басқарудың негізгі бағыттарымен, қауіпсіздік техносферасын басқарудың заңнамалық және нормативтік-құқықтық негіздерімен таныстырды. Тыңдаушыларға «Техносфералық қауіпсіздікті басқару» курсының негіздері бойынша презентациялар, бейнематериалдар көрсетілді, Техносфералық қауіпсіздікті бойынша жаңа ақпараттар ұсынылды, өндірістегі техносфералық қауіпсіздіктің кең ауқымды мәселелері мен өзекті мәселелерін курс тренері «АСА ТРАНС СЕРВИС» ЖШС жағдайында техносфералық қауіпсіздікті тиімді ұйымдастыру және басқару бойынша өндірістік тәжірибесімен бөлісті.
 
Курс жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар тренинг тақырыбына үлкен қызығушылық танытты. Курстың соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.