Жалпыұлттық патриоттық диктант жазу акциясы

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында жасына, мәртебесі мен мансабына қарамастан, барлық азаматтардың бірдей қатысуымен «ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант жазу акциясы ұйымдастырылды.

Мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Мемлекет басшысының тапсырмаcымен, 2023 жылғы 4 мамыр күні сағат 11:00-де республика көлемінде жалпыұлттық патриоттық диктант жазу уақыты белгіленген болатын.

Yessenov University қызметкерлері, профессор-оқытушылары мен студенттері диктант жазуға белсенді қатысты. Жастардан – 3 241 студент, ересектерден – 513 қызметкер аудиторияларға келіп және online форматта отырып диктант жазды.

Диктантты «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Н. Отарова «Абай» атындағы аудиторияда, ф.ғ.д., профессор Б.И. Нұрдаулетова «Әл-Фараби» атындағы аудиторияда жүргізді. Сондай-ақ осы кафедраның профессор-оқытушылары Ә.Д. Қабылов, Ш.С. Әбішева, Н.С. Қамарова, Б.Ә. Көшімова, Б.Ә. Қарымсақова, А.С. Бүркітбаева, С.Т. Спатаева диктантты ZOOM платформасы арқылы қашықтан жүргізді.

Мәтіннің мәні азаматтардың отансүйгіштік рухын ояту, ұлттық рухты көтеру мазмұнында дайындалған. Жалпыұлттық патриоттық акцияға қатысушылар мектеп партасында диктант жазған күндерін есіне алып, берілген тақырыпты талқылап, өзара сұхбат та құрды.

 

#YessenovUniversity, #Диктант, #ЕркінЕлҰрпағы