12 сәуір күні Ғылым қызметкерлерінің күніне орай, Yessenov University Президенті Б.Б. Ахметов қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Университет басшысы бұл күнді ел өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген түрлі ғылым саласындағы азаматтар мен ғалымдар үшін маңызы айрықша күн екендігін атап өтті.
Мерекелік шарада доцент «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Б.Т. Ауешова және геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «Экология және геология» кафедрасының доценті Қ.Ә. Қожахмет баяндама жасады.
Сондай-ақ, ұжымдағы 21 қызметкерге алғыс жарияланды.