25 қараша күні Үндістанның Қазақстандағы әскери атташесі – полковник Дхирадж Рамананд және Үнді этномәдени бірлестігінің Ақтау қаласындағы төрағасының орынбасары Хитеш Вадория Yessenov University базасымен танысты.
Сонымен қатар, университет Президенті Берік Ахметовпен үнді ЖОО-мен өзара байланыс, университеттің оқу базасына суперкомпьютерді енгізу, спорт секциясына үндістандық иога нұсқаушысын шақырту және өзге де ынтымақтастықтар туралы ұсыныстарды талқылады.