11 қараша күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық жастар қозғалысы «Жаңғыру жолы» төрағасының бірінші орынбасары, «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы Джумурбаев Тимур Габдулович Маңғыстау облысына ресми іс-сапары барысында Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметовпен, ҚХА кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамымен және студент жастармен кездесті.
Аталмыш сапар барысында Т.Г. Джумурбаев университеттің даму стратегиясымен, ҚХА кафедрасының қызметімен танысты. Кафедра жанындағы «Қоғамға қызмет» орталығының әлеуметтік мәселелерді шешуге ұсыныс тастаушы және азаматтық қоғам қалыптастырудағы ұлт ұйыстырушы рөліне жоғары баға берді. Сонымен қатар, университет қонағы Маңғыстау облысындағы «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігінің алғашқы жетекшісі Ж. Сейдалиевтің атаулы аудиториясымен танысып, студент жастардың санасына азаматтық бірегейлік пен патриотизм құндылықтарын қалыптастыруда жеке тұлғаның ролінің ерекше екендігін атап өтті.
Кездесу барысында Т.Г. Джумурбаев Республикалық жастар қозғалысы Жаңғыру жолының жобалары туралы және қоғамдық келісімді жастар белсенділігі арқылы жетілдіру мәселесі жөнінде мазмұнды ақпарат беріп университет оқытушылары мен студенттерінің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.