БИЗНЕС ТАҢҒЫ АС

21 қазан күні Yessenov University-де Каспий кәсіпкерлер орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы, Ақтау қаласының кәсіпкерлер кеңесі және облыстық ішкі саясат басқармасы өкілдерінің қатысуымен бизнес таңғы ас ұйымдастырылды. 

Бұл кездесудің басты мақсаты Бизнес және құқық факультеті, Экономика кафедрасымен оқытылатын Кәсіпкерлік пәнінің студенттеріне кәсіпкерлердің тәжірибесімен бөлісу. Сондай-ақ, “Бизнес марафон” байқауына қатысатын студенттерге қолдау көрсету. Марафонға 38 жоба ұсынылып, 140 студент қатысуда