NABU (Герман табиғатты қорғау бірлестігі) өкілі, сарапшы-ғалым Штефан Михельмен ҒТФ профессор-оқытушылар құрамы және студенттері арасындағы кездесу өтті.
Кездесу барысында ғалым Штефан Михель әлемдік биоалуантүрлілікті сақтау, Қызыл кітапқа бионысандарды ендіру, сондай-ақ Маңғыстау өңіріндегі биоалуантүрлілікті зерттеу тіркеу бойынша бірлескен ғылыми зерттеу жоба тақырыптары, экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу және жас зерттеушілерге арналған халықаралық оқу зерттеу бағдарламалары таныстырды.
Кездесу Халықаралық табиғат қорғау ұйымдары мүшелігіне қабылдаумен және Yessenov University ғалымдары дайындаған серіктестік бағдарлама бойынша бірлескен ғылыми жобамен аяқталды.